Бұл әнді орындаған қырғыз әншісі Гүлназ Шыныбекқызы екен. Оның Youtube желісінде шыққан видеожазбасынан кейін Ерке Есмаханның тыңдармандары арасында көптеген дау-дамай туындап кетті. Желі қолданушылары Ерке қырғыз әнін көшіріп алды деген ойлар айтуда, деп хабарлайды Caravan.kz.
Алайда Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қайнар Алагөзов өлеңнің сөзін өзі жазғандығын мәлім етті. Ал әннің авторы композитор Диана Исмаилова екен. Оның сөзінше, Қырғызстанның әншісі өлеңдегі бірнеше қаланың атын өзгертіп айтқан. Сонымен қатар, көрші мемлекеттер оның өлеңін айтқандығына қарсылығы жоқ екендігін де алдыға тартты.
Ал Сіздер қалай ойлайсыздар?