Ерке Есмаханның ғашығы оның төсегін гүлмен көмкерді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерке Есмаханның ғашығы оның төсегін гүлмен көмкерді

Ерке Есмаханның ғашығы оның төсегін гүлмен көмкерді

Ерке Есмахан алыстағы ғашығынан тағы да гүл алғанын айтып мақтанды. Мұнымен қатар, аталған гүл шоғының жапырақтарымен өз төсегін көмкерді. Сүйіктісіне деген ыстық ықыласын осылай жеткізгісі келсе керек.

  • 15 Тамыз 2016
  • 1352
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші өзінің жеке өміріне желі қолданушыларын еліктіре түскісі келіп жүргендей. Бұл жолы сүйіктісінен тағы да гүл алғанын айтып мақтанды. Мұнымен қатар, аталған гүл шоғының жапырақтарымен төсегін көмкеріп, ғашығына ыстық ықыласын жеткізді.

“Қостанайдың түндері тынық екен. Серуендеп келдім. Жатар алдындағы серуен жақсы ұйқының кепілі. Ал мына гүл шоғы мені әр қаладан өзі болмаса да, жып-жылы сәлемі тосып тұратын алыстағы жаннан. Иісін сезіп тұрсыздар ма?! Күшті! Бүгін Қостанай қаласының стадионына келген көрермендерден алған әсерімді сөзбен жеткізе алмай отырмын! Өте керемет концерт болды! Осы жолы Қостанай xалқының қонақжайлығына риза болдым. Сіздердің ыстық ықылас, сүйіспеншіліктеріңізге мың алғыс! Енді Қостанай мен асығып баратын қалалардың бірі болды. Және инста достарым, мен сіздерді жақсы көремін! Барлықтарыңызды сүйдім”, – дейді Ерке Есмахан.


13636025_990506647713971_1907603862_n

Желі қолданушылары әдеттегідей қызығушылықтарын жасыра алмады. Әншіден сүйіктісін қашан көрсететіндігін сұрады. Мұнымен қатар, гүлді Еркенің өзі сатып алып жұртты алдап жүр деп әжуалағандар да болды. “Гүлді өзіңе өзің сатып алып, көзімізді бақырайтып қойып алдап жүрген боларсың” дейді қолданушылардың бірі. Ал әзірге Еркенің сүйіктісін қашан көрсететіні белгісіз.