Еркебұлан Тоқтар қырғыз спортшысынан жеңіліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 482.53
  • 555.44
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еркебұлан Тоқтар қырғыз спортшысынан жеңіліп қалды

Еркебұлан Тоқтар қырғыз спортшысынан жеңіліп қалды

Еркебұлан Тоқтар қырғызстандық Марсель Нұрланбек уулумен кездесті.

  • 29 Наурыз
  • 10
Фото: erkebulan_toktar/Instagram

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Армения астанасы Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінде қырғызстандық қарсыласына есе жіберді, деп хабарлады Caravan.kz медиа порталы  MadeniPortal.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте ол Марсель Нұрланбекұлымен қолғаптағы бокс ережесі бойынша кездесті. Қарсыластар тартысты айқас көрсеткенімен, төрешілер бірауыздан жеңісті қырғыз спортшысына берді.

Қазіргі таңда Еркебұлан Тоқтардың аралас жекпе-жектегі кәсіби көрсеткіші – 11 жеңіс және 3 жеңіліс. Оның соңғы ММА жекпе-жегі өткен жылдың тамызында өтіп, сол кездесуде ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта нокаутпен жеңген еді.

Ал Марсель Нұрланбекұлы әзірге жеңіліс көрмеген файтерлердің қатарында. Оның рекорды – 14 жеңіс, 0 жеңіліс. Ол соңғы кездесуін 2024 жылдың тамызында өткізіп, өзбекстандық Фарход Эргишбаевты нокаутпен жеңген.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар бұған дейінгі жекпе-жегін 28 желтоқсанда Ташкентте өткізіп, жергілікті спортшы Тимур Никулинді бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.