"Еркегіңіздің желаниесымағы қашпасын десеңіз, партнер болуға үгіттемеңіз": Журналист оның қауіпті тұсын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Еркегіңіздің желаниесымағы қашпасын десеңіз, партнер болуға үгіттемеңіз": Журналист оның қауіпті тұсын айтты

"Еркегіңіздің желаниесымағы қашпасын десеңіз, партнер болуға үгіттемеңіз": Журналист оның қауіпті тұсын айтты

Әлеуметтік желіде еркектердің перзентахана барып, босанып жатқан әйеліне серіктес болу тақырыбы қызу талқыланып жатыр. 

  • 2 Желтоқсан 2021
  • 506
Фото - Caravan.kz

Желі қолданушысы Салтанат Абылбекова бұның ер адамның психологиясына кері әсерін тигізіп, импотенцияға шалдықтыруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Перзентханада әйелінің жанында " партнер" болу туралы айтсаң, әркім әр түрлі пікір білдіріп жатады.

Жалпы, босанғалы жатқан әйелінің жанында партнер болу- ер адамның психологиясына кері әсерін тигізіп, импотенцияға шалдықтыруы мүмкін. Толғақ үстінде қиналып, адамнан адам шығарып жатқанның куәсі болу оңай ма? Айтпағым еркегіңіздің желаниесымағы қашпасын десеңіз, партнер болуға үгіттемеңіздер.

Бір нәрсенің пайдалы тұсы болса,кері тұсы болатынын ұмытпау керек дегенім ғой. .

Босандыратын врачқа кірерде өзінің міндеттерін тағы бір мәрте есіне салсаңыз немесе қалтасын аздап қампайтсаңыз, өзі үшін босандырып алады.

Қалта демекші, қазіргі кезде докторлар киетін халаттардың қалтасының фомасы да үлкейіп кеткен тәрізді .

Бес баланы

партнердың көмегінсіз босандық.

Гинекологтар адам шығарып әуре болып жатса, сонитарка "Жаным күнімін" айтып, ара-тұра бетімізге су бүркіп демеп тұрды.Соңынан трубочкамен шайын ұсынды, шайын ұсынып жатып, сыртта кімдер келіп тұрғанын тәтпіштеп сұрап алды.

Палатаға шыққан соң, қай қатын қалай босанғанын жарыса айтып жатты.

Біразы алдын ала ақша берген, бірі таныс врачын таңдаған.

Ал мен босанғанда врачтардың бөпенің " Іңгәәә" деген дауысын ести сала "Күйеуің қайда?" деп врачтың, педиатрдың, соңынан сонитарканың, тағы да бірнеше ақ халаттылардың сыртқа қарай сүйіншілетіп жүгіргені есте қалыпты.

Дереу отағасына звондап " қаааш!" демесім бар ма?


Ұсталып қалыпты.

Ақкөңіл күйеу қолындағы барын бірінші жүгіріп шыққанының қалтасына сүңгіте салған ғой. Құр қалған педиатр мен сонитарканың бұрқылдап жүргені , бірінші жүгіріп шыққан врачты жамандап, менің бетіме жеккөрінішпен қарағаны әліге дейін көз алдымда.

Жалпы, партнермен кірсең де , партнерсыз кірсең де сүйіншілетіп тұрып сындыратын врачтарың тазалықшысына дейін шылқып байып алған шығар бүгінде.

Не болыпты? Қиналып жатқанда тудырды, сонитарка лас нәрсені тазалады, аман—есен босанғаныңа шүкір етіп, ақша бере салсаң нең кетеді? ~деуі мүмкін баз біреу.

Жағдайы келгені берер. Ал, бөпесінің жөргегіне зорға ақша тауып барғандары қайдан берсін? Бай-жақыбайдың ақ көңілділгі салдарынан

дәрігердің қараусыз қалатындар да осылар.

Дәрігері, тазалықшысы болсын, атқарған міндеті үшін айлық алып отыр емес пе?

Айтпақшы, бұлардың ақша ала салуы, қалтсына сала салуы мұнымен тоқтамайды. Перзентханадан шығарда медсестрасы келіп "Анау врачқа анша, мына врачқа мұнша беруіңіз керек, әйтпесе выпискаңызды жазбайды"-деп сыбырлайды. Беретіндері беріп, енді шығуға ынғайланғанда, тағы бір ақ халаттысы жүгіріп келіп "Бөпеңізді мен орап алып шығайын, сіз ауыр көтермеңіз" ~деп жанашырлық танытады.

Бөпеңіздің көрпесін конверт қылып орап берген оған да сүңгітуің керек.

Сүңгітпесек баламызды бермей қоятындай қорқатынымызды қайтерсің?",- деп жазды ол.