Бұл туралы Stan.kz тілшісі Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Мен үйде жылап-сықтап отыра алмаймын. Алла маған аяқ-қолым мен денімді сау қылып бергендіктен, мен әрі қарай өмір сүруім керек. Алланың берген әр күніне шүкір-тәубе етіп, әке-шешем, бала-шағам, бауыр, туған-туыс, мені қолпаштап, әнімді жақсы көретін елім үшін әрі қарай өмір сүруге тиіспін. Мен «батырмын, еркекпін» деп емес, біреуге телміріп қарап отыра алмайтындықтан, осылай жасаймын. Не нәрсе болса да, өзім істеп, өзім жеткенді жақсы көремін. Тәуелсіз болғанды жақсы көремін», — дейді әнші.
Десе де жұлдыз ер азаматсыз қиын екенін де жасырмады. Сондай-ақ жалған позитивке берілудің де кері әсері болатынын атап өтті.
«Біреуге телміріп қарап отыратын әйелдер қатарынан емеспін. Дегенмен оңай емес. Күнде өзімді жігерлендіріп, «мен мықтымын» деп күнделікті айта беру де қате. Кейде жылайтын тұстарымыз да болады. Не нәрсе болса да, өз күшіммен, өз дегеніммен жасағанды жақсы көремін», — деді Ақбота Керімбекова.