Жаңадан алған костюмінің бағасын әнші желідегі парақшасында жүктеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Жаңа киімнің тұсуы кесілді" деп жазды ол.
Оқырмандар: өзің киіп, өзің тоздыр деп тілек айтса, көпшілігіне әншінің бұл қылығы ұнай қоймады.
"Біреулер тойып секіреді, біреулер тоңып секіреді деген осы", "Ер адамға ұят болады мактанған. Елімізде қиын жағдайда отырған адамдар бар, олардың алдында мақтанған дұрыс емес деп ойлаймын", "Осы Нұрболат өте мақтаншақ жігіт. Ер азаматқа өте ұят киіммен мақтанған", "Біреуге мал, біреуге жан қайғы болған, біреу тойып, біреу тоңып секірген заман болып тұр ғой. Алла әр істің қайырын берсін", деп жазды оқырмандары.