Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Алматыда Қазақстанның бұрынғы бас мүфтиі Сансызбай Құрбанұлының қызының ұзату тойы өтті. Бір қызығы оған тек тек ер адамдар қатысқан. Тойға 300-ден астам қонақ жиналып, ол шариғат заңдары бойынша ұйымдастырылған.
Желі қолданушылары аталған әрекетті қызу талқылап жатыр. Олардың бірі дәстүрлі қазақы ұзатуда әйелдер де қатысуы тиіс екенін деп жазса, енді бірі әр отбасының тойды қалай өткізуді өз еркі деп санайды.
«Сақалды сапситып тек еркектерді жинағаны несі, ерсі екен», «Кім қалай ұзатса да өздері біледі, нелерің бар?» деп жазды олар.