"Еркектің мүшесіне ат қою керек": Ерлі-зайыптыларға ерекше кеңес берген дәрігер елді шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Еркектің мүшесіне ат қою керек": Ерлі-зайыптыларға ерекше кеңес берген дәрігер елді шошытты

"Еркектің мүшесіне ат қою керек": Ерлі-зайыптыларға ерекше кеңес берген дәрігер елді шошытты

Кейінгі кезде ерлі-зайыпталардың "түнгі өмірін" талқылап, ақыл айтатын сексолог, интим тренер секілді мамандар көбейіп кетті.

  • 28 Ақпан
  • 95
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Сондай мамандық иелерінің бірі, өзін интим косметолог ретінде таныстыратын Айгерім Қайнарқызының ер адамның мүшесіне ат қоюға кеңес берген видеосы желі қолданушыларын шошытты.

«Еркектің мүшесіне ат қою керек. Мысалы, еркегіңіздің есімі Марат болса, Майкл деп қойсаңыз болады. Сонымен бірге, өзіңіздің жыныс мүшеңізге де ат қоюды ұмытпаңыз. Бұл нәрсе сіздердің диалогтарыңыздың мәдениетті болуына көмектеседі. Мысалыға, қоғамдық орында отырсаңыздар, бірақ қарым-қатынасқа түскілеріңіз келсе, Майкл Оксананы сағынып жатыр немесе құшақтағысы келіп жатыр деп айту арқылы жеткізе аласыз», — дейді ол.

1 миллионға жуық қаралым жинаған видео әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларға ақыл айтқыш интим тренерлерге шектеу қоюды талап етіп, наразылық білдіруде.

«Мынау не сұмдық?! Инстада кішкентай баламыз да отырады. Сонда бұлар осылай аузына келгенін айтып отыра бере ме?», «Қазақстанда белден төмен әңгіме қалмады ма?», «Мынандай сексолог сымақтар неге көбейіп кетті. Бұларға шектеу жоқ па? Осы нәрсенің де астында бір мақсат жатыр деп ойлаймын. Әйтеуір халықты топастандырып, надан қып тындыру», «Осындай қыздардың әке-шешесі жоқ па, болса да намыстары жоқ па», — деп жазды олар.