"Еркектің жүргіштігін ақтайтын фильм": Халық "Нурикамал" фильміне жаппай қарсы шығуда - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Еркектің жүргіштігін ақтайтын фильм": Халық "Нурикамал" фильміне жаппай қарсы шығуда

"Еркектің жүргіштігін ақтайтын фильм": Халық "Нурикамал" фильміне жаппай қарсы шығуда

Бірер күн бұрын композитор Тұрдықылыш Ізтаевтың "Нурикамал" әнінің шығу тарихын баяндайтын фильм көрерменге жол тартты.

  • 7 Қараша
  • 244
Фото: nurikamal.films

Алайда, отандық кинокартинаны желі қолданушылары қатаң сынауда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Фильмдегі оқиға желісі бойынша композитор Тұрдықылыш Ізтаев 1988 жылы шығармашылық тоқырауға ұшырайды. Композитордың сүйікті жұмысы, отбасы болады. Бірақ, ол тарихта қалатын ән жазуды армандайды. Күйеуіне қолдау білдіргісі келген Ханбибі Есенқарақызы оны тауға, табиғат аясына отбасылық серуенге шақырады. Дәл осы демалыста композитор Ақмоладан келген Нурикамалға ғашық болып қалады. Фильмде ғашықтықтан туған әннің тарихы толық көрсетіледі.

Бүгінде фильмнің үзінділері Tik Tok әлеуметтік желісінде кеңінен тарап, жүзмыңдаған қаралым жинауда. Желі қолданушылары отбасы құндылығын жоғалтып алған қазақ қоғамына бұл фильм жығылған үстіне жұдырық болды деген пікір білдіруге.

«Жеткен жеріміз осы болды. Онсызда ажырасу көп заманда мынау не енді», «Жалпы киноның мақсаты не? Көзге шөп салуды даналық деп көрсету ма?», «Қыздар, бұл киноға бармаймыз! Касса жинай алмай қалсын», «Еркектің көзге шөп салғанына көз жұмып қарап, дым болмағандай бірге тұру, еркекті қабылдауды даналық көру топастық», «Еркектің жүргіштігін ақтайтын кино», «Бұл сонда не насихат», — деп жазды олар.