«Еркектің денсаулығы қаншалықты мықты болса, отбасы да соншалықты бақытты» - республикалық басылымдарға шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Еркектің денсаулығы қаншалықты мықты болса, отбасы да соншалықты бақытты» - республикалық басылымдарға шолу

«Еркектің денсаулығы қаншалықты мықты болса, отбасы да соншалықты бақытты» - республикалық басылымдарға шолу

Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 8 қараша, сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

  • 6 Қараша 2012
  • 500
Фото - Caravan.kz

***

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында «Алатау етегіндегі пальма» атты мақала жарық көрді. «Бүгінде ештеңеге таң қа­лу­ға болмайды. Алма өсетін Ала­таудың етегінде қазір пальма мен лимон жайқалып тұр дегенге сіз сенесіз бе? Ал, мен өз көзіммен көрдім. Жалпы, Оң­түс­тікте тау жағалай орналас­қан Түлкібас, Сайрам, Төлеби, Қазығұрт аудандарында та­би­ғаты ерекше, туризмді түлетуге тіленіп тұрған тамаша жерлер өте көп. Әйтсе де облыс ор­талығына жақын орналасқан­дық­тан болар, Төлебидің та­уын­дағы туризмнің тынысы басқаларына қарағанда, ептеп ерекшелеу»,-деп жазады мақала авторы. «Соңғы жылдары Тө­леби ауданында туризм мә­селесі күрт дамып келеді. Осы тау қойнауынан жер учаскесін сұраушылар, сол жерге дем­алыс, басқа да сауықтыру, ха­лыққа қызмет ету орындарын салып, бизнесті өркендетемін дегендер көп. Бұл бір жағы, таудың қалаға жақын орна­лас­қаны, екінші жағы ауданда тірлік етемін деген жанға жағ­дай­дың бар екені, жол, көлік қа­ты­насы, байланыс, басқа да мәсе­ле­лердің біршама тәуір жолға қойылғанынан шығар деп ой­лай­мын», дейді Төлеби ауда­ны­ның әкімі Әуелхан Тұрғым­беков.

Осы басылымның жазуынша, Парижде Қазақстан Респуб­ли­касы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә.Бәйменовтің Францияның Мем­лекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жөніндегі бас директоры Ж.Вердьемен кездесуі өтіп, оның барысында тараптар Қазақстан мен Франция мемлекеттік қызметінің модельдері ту­ралы ақпараттармен алмасты және мемлекеттік қызмет сала­сын­дағы ынтымақтастықтың екіжақты және көпжақты мәсе­ле­лерін талқылады. Тараптар мемлекеттік қызмет саласындағы екіжақты ынты­мақ­тастықты жаңа деңгейге көтеруге уағдаласты. Осы мақсатта жақын арада қол қойылады деп жос­пар­ланып отырған Өзара түсіністік туралы меморандумның негізгі ережелерін талқылады. Бұл ақпарат газетте «Мемлекеттік қызмет саласындағы ықпалдастық» деген тақырыппен берілген.

***

«Тәуелсіздік алғалы бері біршама реформаны бастан өткергенімен, қордаланған мәселеден түпкілікті арыла алмай отырған салалардың бірі — жер қатынасы. Дәл осы саланың «бармақ басты, көз қыстылық» дертіне белшеден батқандығы да сондықтан болса керек. Дегенмен соңғы уақытта жерді түгендеу жұмыстары түбегейлі қолға алынып, қай бағытта нендей проблема бар екендігі айқындала бастаған еді. Кеше Мәжіліске келген жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров осы мәселе жөнінде депутаттарға есеп берді»,-деп жазады «Алаш айнасы» басылымы бүгінгі санындағы «Жер дауын өршітпей шешудің өркениетті жолы қайсы?» атты мақалада. Еразия құрлығының 272,5 млн гектарын алып жатқан Қазақстанның «құшағына» Батыс Еуропаның Франция, Португалия, Испания, Италия, Грекия, Норвегия, Финляндия секілді мемлекеттері түгелдей сыйып кетеді. Сонымен қатар жер көлемі бойынша іргелі 10 мемлекеттің құрамына кіретін Қазақстанда бір тұрғынға шаққанда 17 гектар, оның ішінде 1,5 гектар егістік жер тиеді екен. Бұл — әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

«Алаш айнасы» газетінің жазуынша, денсаулыққа, әсіресе ер азаматтар көп мән бере бермейді. Өйткені ресми мәліметке қарағанда Қазақстандағы еркектердің тең жартысы сан алуан урологиялық ауруларға шалдыққан. «Ұлы сөзде ұят жоқ» деген, жыныстық қатынаста олар өздерін еркін сезіне алмайды. Осы топтағы азаматтардың 8 пайызында жағдай мүлдем нашар. Ең сорақысы, ер адам дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгінбейді. Біле білсек, оның арты тек отбасы ішіндегі ұрыс-керіске ғана себеп болмай, басқа да аса ауыр ауру-сырқаттарға ұласып жатады», — делінген басылымда «Еркектің денсаулығы қаншалықты мықты болса, отбасы да соншалықты бақытты» атты тақырыппен жарияланған мақалада.

***

2020 жылға дейін Қазақстанның ауыл шаруашылығына ең кем дегенде 10 триллион қаржы салынады. Кеше Сенатта осы салаға қатысты ұзақ мерзімді жаңа тұрпатты бағдарламаны — 2013-2020 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасын таныстырған Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осындай мәлімдеме жасады. «Ең бастысы, Агроөнеркәсіптік кешен — экономиканың толыққанды саласы, ол табысты, инвестициялық тартымды салаға айналды»,-деді министр. Бұл жайында толық білгіңіз келсе «Айқын» басылымындағы «Ауыл шаруашылығына 10 триллион қаржы салынады» деген мақаланы оқыңыз.

Соңғы жаңалықтар