Еркін күрестен Қазақстан мен Якутия құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 4:3 есебімен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еркін күрестен Қазақстан мен  Якутия құрамалары арасындағы жолдастық  кездесу 4:3 есебімен аяқталды

Еркін күрестен Қазақстан мен Якутия құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 4:3 есебімен аяқталды

Якутскіде еркін күрестен Якутия мен Қазақстан құрамалары арасында матчтық кездесу өтті.

  • 10 Ақпан 2011
  • 473
Фото - Caravan.kz


Ол 1976 жылғы Монреаль Олимпиадасының күміс жүлдегері Александр Ивановтың құрметіне арналған болатын. Күрес федерациялары қауымдастығының интернет-сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, бұл кездесуде 3:4 есебімен Қазақстан балуандары жеңіске жетті. Онда Батухан Шырақбаев (58 кг) Андрей Захаровты, Бақтияр Далабаев (66 кг) — Сергей Семеновты, Семен Семенов (84 кг) — Федор Ивановты, Алексей Червяков (96 кг) — Евгений Алексеевті тізе бүктіріп, ел құрамасына жеңіс сыйлады. Ал Ерлан Халитов (60 кг) — Альберт Семеновқа, Тимур Құрмақов (74 кг) — Валерий Большаковқа, Таланбек Ахмедов (120 кг) — Дмитрий Валеевке есе жіберді.