Еркін күрестен ҚР ІІІ жазғы спартакиадасының алғашқы жеңімпаз-жүлдегерлері белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еркін күрестен ҚР ІІІ жазғы спартакиадасының алғашқы жеңімпаз-жүлдегерлері белгілі болды

Еркін күрестен ҚР ІІІ жазғы спартакиадасының алғашқы жеңімпаз-жүлдегерлері белгілі болды

Орал қаласындағы мұз айдыны сарайында еркін күрестен ҚР ІІІ жазғы спартакиадасының алғашқы жеңімпаз-жүлдегерлері белгілі болды.

  • 31 Наурыз 2011
  • 584
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, 55 килә салмақта қызылордалық Дәулет Ниязбеков жеңімпаз атанса, шығысқазақстандық Расул Қалиев — екінші, Алматы облысынан Әсет Серікбаев пен жамбылдық Руслан Сексенбаев үшінші орынды еншіледі. 66 киләда Алматы облысынан Әсет Дүкенбаев озық шықса, атыраулық Азамат Өміржанов күміс, ақтөбелік Айдар Балданбаев пен қарағандылық Цотиэ Барамидзе қола жүлдені жеңіп алды. 84 киләда батысқазақстандық Қанат Бердиев — бірінші, оңтүстікқазақстандық Ермек Байдуашев — екінші, Алматы қаласынан Семен Семенов пен оңтүстікқазақстандық Алтай Оңғарбайұлы үшінші орынды иеленді. 120 килә салмақта астаналық жас балуан Асхат Құсепов финалда олимпиада ойындарының қола жүлдегері, маңғыстаулық Марид Муталимовты ұтса, Алматы облысынан Андрей Сватковский мен Алматы қаласынан Магомед Агиев үшінші орынға көтерілді. Қалған үш салмақтағы жеңімпаз-жүлдегерлер бүгін белгілі болады.

Жарыстың бас төрешісі Александр Ершовтың айтуынша, спартакиада төрт жылда бір рет өтетіндіктен, онда жүлдегер атану — зор мәртебе. Еркін күрестің өзінен Қазақстанның он төрт облысы мен Астана, Алматы қалаларынан 140 балуан қатысуда. Осы додадан кейін мамыр айының аяғында Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын құрама жасақталады. Содан соң Лондон олимпиадасының лицензиясы сарапқа салынатын әлем біріншілігіне дайындық басталады. Биылғы жарыста жаңа есімдер де шығып жатыр. Мәселен, астаналық А.Құсепов М.Муталимовты ұтып кетті.

Ертең әйелдер күресінен, 2 және 3 сәуір күндері грек-рим күресінен спартакиада додасы жалғасады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера