Еркін Рақышев Мәмбеталин мен Нарымбетовты соттатқан адам. Енді маған секіріп жүр - Мұхтар Тайжан - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еркін Рақышев Мәмбеталин мен Нарымбетовты соттатқан адам. Енді маған секіріп жүр - Мұхтар Тайжан

Еркін Рақышев Мәмбеталин мен Нарымбетовты соттатқан адам. Енді маған секіріп жүр - Мұхтар Тайжан

Белгілі экономист Мұхтар Тайжан белгілі режиссер Еркін Рақышев туралы өз ойын жазды.

  • 21 Сәуiр 2021
  • 829
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Еркін Рақышев деген режиссер кеше ғана Қосановтың оң қолы болып, 2019 жылы өтірік сайлауында Қосановтың Алматы қаласының филиалын басқарған адам. Жай адамды Қосановтың қасына қоймайды. Былай қарасақ Қосановпен бірге халықты алдаған адам.

Ал 2015 жылы Еркін Рақышев Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевтың үстінен арыз жазып 174-ші бабымен соттатқан адам. Ол да факт. Міне өзі айтып отыр.

Енді маған секіріп жүр. Тапсырма деп ойлаймын. Мән бермеңіздер, алаңдамаңыздар. Бүгінгі таңда бар назарымызды жерге аударуымыз керек", — деп жазды Мұхтар Тайжан.


Естеріңізге сала кетейік, Еркін Рақышев Мұхтар Тайжан туралы "Тайжанға сеніп жүргендер топастар, тобырлар, көп ақшасына жалданғандар және биліктің жағымпаздары мен құйыршықтары", — деп жазып, оны жазғырған болатын.