Еркін және грек-рим күресінен ұлттық құрамаға жаңа бапкерлер келді - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еркін және грек-рим күресінен ұлттық құрамаға жаңа бапкерлер келді

Еркін және грек-рим күресінен ұлттық құрамаға жаңа бапкерлер келді

Олимпиада ойындарында сәтсіздікке ұшыраған Қазақстанның еркін және грек-рим күресінен ұлттық құрамасына жаңа бапкерлер тағайындалды.

  • 11 Желтоқсан 2012
  • 471
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ұлттық құрама балуандарының бірі айтты, деп хабарлайды «Аламан» ақпарат агенттігі.

Қазақстанның еркін күрестен құрамасын алдағы жарыстарға Руслан Өмірәлиев жаттықтыратын болады. Ал бұрынғы бапкер Алтай Таңабаев отставкаға кетті.

Грек-рим күресі құрамасын баптаған Манарбек Қасымханов та қызметінен кеткен. Оның орнына Таңат Сағындықов келді. Сағындықов грек-рим құрамасында бұдан бұрын да бас бапкер қызметінде болған.