Ерлан Әбілдаев Оманға елші болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлан Әбілдаев Оманға елші болып тағайындалды

Ерлан Әбілдаев Оманға елші болып тағайындалды

Ерлан Әбілдаев Омандағы Қазақстан елшісі болып тағайындалды, деп президент баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Шiлде 2011
  • 538
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Әділханұлы Әбілдаев Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды», — деп көрсетілген жұма күні Ақ орданың ресми сайтындағы жарияланған хабарда.

Осы жарлықпен Е. Әбілдаев Қазақстанның Канададағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Е. Әбілдаев 1994-ші жылдан ҚР СІМ орталық аппаратында және Қазақстанның Белгиядағы елшілігінде қызмет атқарды.

2002 жылдың маусымынан 2003 жылдың маусымы аралығында ҚР СІМ инвестиция жөніндегі комитет төрағасы болып тағайындалды. 2004 жылы президент жарлығымен Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар