Ерлан Біләлді ұстатқан «Сезам» театрының директоры өзін Әуезов театрынан қуып шыққанын айтып шағымданды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлан Біләлді ұстатқан «Сезам» театрының директоры өзін Әуезов театрынан қуып шыққанын айтып шағымданды

Ерлан Біләлді ұстатқан «Сезам» театрының директоры өзін Әуезов театрынан қуып шыққанын айтып шағымданды

Алматыда парамен ұсталған Әуезов театры директорының ісі сотқа түсті. Ерлан Біләлге «қылмысқа дайындалу және оқталу», «пара алу» баптары бойынша айып тағылған.

  • 18 Қаңтар 2018
  • 8682
Фото - Caravan.kz

Танымал актердің өзі қазір кепілмен бостандықта жүр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ерлан Біләл қаңтардың басында өзі басқаратын театрда жаңа жылдық кеш өткізуге берген рұқсаты үшін пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын. Бастапқыда оның 1 жарым миллион теңге ауызбастырық алғаны айтылған. Ал, сотқа дейінгі тергеу кезінде бұл сомма 900 мың теңгеге қысқарыпты. Осынша қаржыны ол «Сезам» театрының басшысынан сұраған дейді тергеушілер. Біләлді сол қылмыс үстінде ұстап беремін деп, қазір Қайрат Баяновтың өзінің басы бәлеге қалыпты. Ол ұжымымен 20 жыл бойы Әуезов атындағы театрдан кеңсе жалға алып келген. Ал, шудан кейін оны ғимараттан бір күнде қуып шығыпты. Сөйтіп, «Сезам» театрының жұмысы тоқтап тұр. Әрі Ерлан Біләлге қастандық жасады деп одан бәрі теріс айналған. Қайрат Баяновтың өзі енді биліктен араша сұрап отыр.

«Қазір жаманаттың бәрі маған келіп жатыр. Бұл менің көңіліме қаяу түсірді. Мұндай нәрсеге лайықты емес едім. Өзім де, тындырған ісім де адал. Мені кімнің қорғайтынын білмеймін» дейді ол.


Соңғы жаңалықтар