Қазақстандық тараптың шығынына келсек, Қариннің айтуынша, әлемге әйгілі актердің Қазақстанға келуіне ешқандай қаражат жұмсалмапты, тек ЭКСПО-ға билет пен кәдесыйлар сатып әперген көрінеді.
Джеки Чан өз ұшағымен келді, қалада кәдімгі минивэнмен жүрді. "Одан да таңғаларлық жайт, оның Астанаға ұшып келуі бізге ешқандай шығын келтірген жоқ! Ол достарымен бірге жеке ұшағымен ұшып келді, ешқандай гонорар төленбеді, өзі райдер де ұсынбады. Тіпті люкс көліктен бас тартып, достарымен қаланы аралау үшін қарапайым минивэн сұрады. Жергілікті елордалық мейрамхана иелері кумирлерін қуана қарсы алып, кешкі ас үшін есеп сұрамады. Қазақстанда бірнеше күн болады деп жоспарланған еді, алайда уақыт тығыз болғандықтан жарты күн ғана болды", — деп жазды Қарин. Қариннің айтуынша, Қазақстан Джеки Чанға қатты ұнапты, ол ортақ жобаларда бірігіп жұмыс істеу үшін Қазақстанға ұзағырақ мерзімге келуге уәде берді. Голливуд актері Нұрлан Қоянбаевтың "Түнгі студияда" бағдарламасына да қатысқан.