Ерлан Қарин Қазақстан президентінің кеңесшісі болып бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлан Қарин Қазақстан президентінің кеңесшісі болып бекітілді

Ерлан Қарин Қазақстан президентінің кеңесшісі болып бекітілді

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін мемлекеттік лауазымды қызметке бірқатар кадрлар тағайындады. Бұдан былай Ерлан Қарин Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметін атқарады. 

  • 7 Сәуiр 2019
  • 29
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

1998 жылдан бері саясат сахнасында қызмет атқарып келе жатқан Ерлан Қарин бұдан бұрын Қазақстан президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, "Нұр-Отан" саяси партиясының бас хатшысы және "Қазақстан" РТРК АҚ басқарма төрағасы болған еді. Жаңа қаулы бойынша, Ерлан Қарин Қазақстан президентінің кеғесшісі болып жаңа ұызметке тағайындалды.

Сонымен қатар, Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша Талғат Момышев энергетика министрлігінің жауапты хатшысы болып бекітілсе,Бақыт Құрманбаев қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне Марат Оразаев тағайындалса,Қазақстанның Ұлттық музейінің директоры қызметіне Алмаз Нұразхан отырды.

Өкім бойынша Ержан Бабақұмаров бұрынғы атқарған қызметінен босатылып, Қазақстан президенті әкімшілігінің талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.