Ерлан Сағадиев Мәскеудегі студент өліміне қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлан Сағадиев Мәскеудегі студент өліміне қатысты пікір білдірді

Ерлан Сағадиев Мәскеудегі студент өліміне қатысты пікір білдірді

 

  • 11 Мамыр 2018
  • 17
Фото - Caravan.kz

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Мәскеуде терезеден құлап, қаза болған қазақстандық студент қызға қатысты істің нәтижесін күтуге кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз осы мәселе бойынша Сыртқы істер министрлігімен бірлесе жұмыс істейміз. Біріншіден, бұл жағдайды түсініп, тергеу амалдарының аяқталуын күту керек. Содан кейін осы сыртқы саяси ведомство мұндай жағдайларда мемлекеттің әрекет ету тәртібін айқындайды. Сондықтан министрлік олармен бірлесе жұмыс істейді», — деді Ерлан Сағадиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Бұдан бұрын хабарланғандай, 13 сәуір күні Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты ғимаратының терезесінен Қазақстаннан оқуға барған Томирис Байсафа құлап кетті. Ол сол күні Склифосовский атындағы ҒЗИ ауруханасына жеткізілді. 1997 жылы туған қыз жарақатының ауыр болуы салдарынан 3 мамырда көз жұмды. Аталған факті бойынша РФ құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады



 

Соңғы жаңалықтар