Ерлан Сағадиев тікелей эфирге шығып, дебатқа қатысудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлан Сағадиев тікелей эфирге шығып, дебатқа қатысудан бас тартты

Ерлан Сағадиев тікелей эфирге шығып, дебатқа қатысудан бас тартты

Білім беру саласына бірнеше реформа енгіземін деп басы дауда қалған ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тікелей эфирге шығып, дебатқа қатысудан бас тартты. Бұл туралы Tengrinews.kz мәлімдеп отыр.

  • 26 Шiлде 2017
  • 219
Фото - Caravan.kz

Еске салайық, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов танымал экономист Рахым Ошақбаевпен дебатқа шығып, өзі енгізген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру реформасының төңірегінде сөз таластырған еді. Осының артынша танымал қоғам белсендісі, экономист Мұхтар Тайжан да Білім министрін тікелей эфир "жекпе-жегіне" шақырды.

"Министр өз реформаларын жұрт алдында қорғай алуы керек. Біртанов қорыққан жоқ, тіпті Ошақбаевты тікелей эфирге өзі шақырды", — деп жазды Тайжан өзінің Facebook-парақшасында.

Алайда, Ерлан Сағадиев Тайжанның бұл ұсынысынан бас тартып отыр. "Тайжанға келер болсам, мен онымен дебатқа шығуды өзімнің міндетім деп санамаймын. Маған бұл мүлдем қызық емес. Мен онымен кездеспеймін", — деді министр Үкіметте өткен баспасөз мәжілісінде.

Айта кетейік, былтырдан бері қоғам беосенділері мен зиялы қауым өкілдері Ерлан Сағадиевтің білім саласына енгізген реформаларына түбегейлі қарсы шығып, Президентке дейін хат жазды. Атап айтқанда, қоғам жанашырлары министрдің реформалары қазақ тілінің қолданыс аясын тарылтып, балаларды мәңгүрттікке жеткізеді деген болатын. Сағадиев ҰБТ-дан қазақ тілі пәнін, бірінші сыныптан "Әліппені" алып тастап, мектептерге үш тілде білім беру жүйсін енгізуде. Сонымен қатар, ата-аналар бастауыш сынып оқушыларының оқулықтары тым ауыр екенін айтып та шағымданды. Алайда, жоғарғы билік бұл шағымдарды қараусыз қалдырып, реформалар өз күшіне еніп кетті.


​​​​​​​

Соңғы жаңалықтар