Ерлан Сағадиев: Жаңа әліпби жобасы әлі талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлан Сағадиев: Жаңа әліпби жобасы әлі талқыланады

Ерлан Сағадиев: Жаңа әліпби жобасы әлі талқыланады

Қазақ тілінің латын графикасындағы жаңа әліпбиінің нұсқасы бірнеше жобаның арасынан таңдап алынды деп мәлімдеді білім және ғылым және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

  • 12 Қыркүйек 2017
  • 635
Фото - Caravan.kz

Сейсенбіде Астанада өткен үкімет отырысынан соң журналистер сұрағына жауап берген Сағадиев өзіне жаңа жоба ұнайтынын, бірақ оны егжей-тегжейлі талқылауға әлі уақыт барын айтты.

"Енді азаматтар өз пікірлерін айтсын. Нақты ұсыныстары болса, білдірсін. Әліпби талқылауға осы үшін қойылды" деді министр.

Астанада 11 қыркүйекте парламентте қазақ тіліне арналған жаңа латын әліпбиінің нұсқасы таныстырылған. Жаңа әліпби жобасында 25 таңба бар. Әліпби нұсқасын таныстырған республикалық тілдерді дамыту орталығының директоры Ербол Тілешовтің айтуынша, Ербол Тілешовтің айтуынша, әліпбиді құрастыруда қазақ тілінің үндестік заңдылығы ескеріліп, оның нәтижесінде 25 таңба шыққан.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев биыл сәуірде "2025 жылға дейін Қазақстан латын әліпбиіне көшуі тиіс" деп мәлімдеген болатын. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осы жылдың соңына дейін латын әліпбиінің нұсқасын дайындау үшін арнайы комиссия құрылғанын айтқан.


Қазақстан бұған дейін де бір мәрте, 11 жыл бойы (1929 – 1940) латын әліпбиін қолданып, кейін кириллицаға ауысқан.

Соңғы жаңалықтар