Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды – ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды – ІІМ

Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды – ІІМ

Ішкі істер министрлігі ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

  • 23 Ақпан 2022
  • 36
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ведомство басшысы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат тараған болатын.