Ерлан Əукенов Алматы қаласы əкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлан Əукенов Алматы қаласы əкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Ерлан Əукенов Алматы қаласы əкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Алматы əкімі Бауыржан Байбектің бұйрығымен Ерлан Əукенов Алматы қаласы əкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 

  • 19 Тамыз 2015
  • 632
Фото - Caravan.kz

Е.Əукенов жаңа жұмыс орнында индустриалды-инновациялық даму, сауда, ШОБ, туризм, табиғатты пайдалану мəселелерімен айналысатын болады. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болған Ербол Шорманов басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл қызметтен кетті.

Ерлан Мұратұлы Әукенов Алматы қаласында туылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика факультетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Бредфорд (Ұлыбритания) университетін «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша бітірген. Халықаралық Бизнес Академиясын «Корпоративті менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған, МВА дәрежесі бар.

2002 жылдан 2007 жылға дейін бизнес құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеген.

2007 жылдан 2008 жылға дейін «Самғау» Ұлттық ғылыми-техникалық холдингтің активтерін басқару жөніндегі департамент директорының орынбасары болған.


2008 жылдан 2010 дейін Білім және ғылым министрлігінің көмекшісі, кейін Білім және ғылым министрлігі департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2010 жылдан 2011 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында басшы қызметтерде болған.

2011 жылдан 2014 жылдың сәуіріне дейін ҚР Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор лауазымында (Қарағанды облысы мен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жетекшілік еткен) болған.

2014 жылдың сәуірінен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кәсіпкерлікті дамыту, өнеркәсіп, сыртқы экономикалық байланыс және туризм мәселелері бойынша орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар