Бұл спортшы аталмыш ара қашықтықты 49 минут 31.01 секіндта еңсерді. Отандасынан 27 секундқа қалып қойған Нарусе Нобу күміс жүлдені иеленді. Бұл сында Қазақстанның үкілеген үміті Николай Чеботько 51 минут 30,1 уақыт көрсеткішімен қола жүлдені қанжығасына байлады. Тағы бір жерлесіміз Сергей Черепанов төртінші орынға тұрақтады. Оның уақыт көрсеткіші 52 минут 31,8 секунд.