Ерлер мен әйелдердің өмір сүру жасындағы айырмашылық тұрғысынан Қазақстан Орталық Азияда 1-ші, ал әлемде 4-орында
Қазақстанда өмір сүрудің ұзақтығы қазір 68,4 жасқа дейін жетті. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан "Орталық Азиядағы өлім-жітім" деп аталатын халықаралық семинарда айтылды. |
"Ерлер мен әйелдердің өмір сүру жасындағы айырмашылық жағынан Қазақстан Орталық Азияда бірінші, ал әлемде төртінші орында тұр. Өмір сүру ұзақтығы жағынан Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жағдайының жоғарылығына қарамастан Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан кейін 4-ші сатыда келе жатыр", - дейді БҰҰ-ның халық қоныстануы қорының субаймақтық кеңсесінің директоры Николай Ботев. Оның айтуынша, Орталық Азиядағы 5 елдің ішінде бұл көрсеткіш жағынан Қазақстан тек Түрікменстаннан 1 саты жоғары тұр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін