Ерлер неге ажырасуға барады? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлер неге ажырасуға барады?

Ерлер неге ажырасуға барады?

Ерлер неге ажырасуға барады? Тіпті, ажырасу сәнге айналған ба дерсіз. 

  • 25 Шiлде 2022
  • 174
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Құлаққа түрпідей тиетін сөз қазіргі таңда қалыпты болып кеткен сыңайлы. Тіпті, сәнге айналған ба дерсің. Бетін ары қылсын! Ажырасу — қоғам дерті дендеп тұр. 

Қытайдан көшіп келген массаж саласында жұмыс атқарып жүрген, массаж орталығының басшысы Мунира Әтіретханқызы ажырасу мәсғлғсі бойынша пікірін білдірді.  

"Қазіргі уақытта «ажырасу» мода болған ба деймін. Тіпті кәрі-жас болғанына қарамайды. He себептен болады?  Басты мәселе не, қалай ойлайсыз? Бүгін той, бір апта өтісімен «ажырасуды» аузына алатындар көбейді. Оны қоя тұрсақ 20-30 жыл отасқандар да бала мен мүлікке таласып, бір-бірін сотқа сүйреп жүргендер қаншама?

Бір-бірін жақсы танымай үйлене салу. Үйленген соң жұбайының түрлі қылықтарын көріп безгендер.  Махаббатсыз неке. Бұл неке бір-бірін таныстырып, екі әулетті жақындату нәтижесінде болады. Бұл ұзаққа бармайды, бірақ түрлі жағдайлар болуы мүмкін. 

Көңілдес тапқан жағдайда. Бұл жағдайда қарсы жақтың көңілі аспан жерге ауғандай болады да, бұны қайта-қайта бетіне басады. Және де өз әйелінен көңілдесі қаттырақ ұнағаны, оның басқаша ерекше сезім сыйлауы ажырасуға алып келеді.


Экономикалық жағдайдың қанағатандырмауы. Жолдасының аз, немесе мүлдем ақша таппауы, негізгі қажеттіліктерді ғана жаба алатын табысына қанағаттанбаудың ақыры алып келеді

Себебі СҮЙІКТІҢМЕН ЛАШЫҚТА тұру ЖҰМАҚ ЕМЕС дегендей, бір күні болмаса, басқа күні қарның ашар.

Тағы қандай себептер бар деп ойлайсыз, ажырасуға?", деп жазды.