Ерлердің етке құмарлығының сыры анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+33 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлердің етке құмарлығының сыры анықталды

Ерлердің етке құмарлығының сыры анықталды

Зерттеушілердің айтуынша, ет жеу ерлерге өзін нағыз еркек ретінде сезінуге ықпал етеді.

  • 25 Қараша 2012
  • 404
Фото - Caravan.kz

Қалай болғанда да бұл пайым АҚШ-тың ерлеріне дөп келетін сияқты. Өйткені бұл елде ет патриархат символы болып табылады, деп мәлім етеді Беллармин университетінің ғалымы Хэнк Ротгербер.

Әсіресе, бұл ерлердің қоғамдық орындарда ет жеуі барысында барынша өзекті бола түседі. Себебі ол осылайша адамдар алдында өзінің еркектігін дәлелдей түседі-мыс. Американдық қауымдағы мұндай белгі әлі күнге дейін көптеген американдықтың еттен бас тарта алмауымен түсіндіріледі, деп атап өтеді MSNBC.

Бұл ретте айта кетерлігі, дәрігерлер көп ет жеу рак, жүрек сырқаты сынды көптеген ауруларға жол ашады деп мәлімдеген болатын.

Беллармин университетінде жүргізілген алғашқы зерттеу жұмыстарына — 125, ал екіншісіне 89 студент қатысқан. Анықталғаны, ер-азаматтардың басым бөлігі етті сүйсіне жеп, малдың азап шегетіндігін жоққа шығарған.