Жарияланды: 900

Ерлерге пайдасы зор інжір ағашы жеміс бере бастады

Петропавлдың қысқы бағында 40 жыл бұрын әкелінген інжір ағашы тұңғыш рет жеміс берді. Тропикалық өсімдік жемісіне әсіресе ер азаматтар құмар көрінеді.

Інжірдің отаны - Жерорта теңізінің жағалауы. Бұл - құрма ағашының бір түрі. Аңызға сенсек, Адам ата мен Хауа ана інжірдің жапырағымен тәндерін жапқан екен. Ұзындығы үш метрлік ағаштың жылыжайда жеміс беруі қиын. Ағаштың еркек, ұрғашы түрлері болады. Өсімдіктің гүлдері жақсы тозаңдануы үшін оларды қатар отырғызады. 

Артем Маликов,  ботаник:

- Еркек ағашының жемісі жеуге жарамсыз, ал ұрғашы ағаштың жемістері бірнеше ай бойы піседі. Құрмасы тәтті, ер-азаматтардың қауқарын арттырады деседі.  Сондықтан біз інжірді  көруге келген ерлерді, жемісін ұрламасын деп, сыртынан бақылап  тұрамыз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін