Ерлерге пайдасы зор інжір ағашы жеміс бере бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+34 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлерге пайдасы зор інжір ағашы жеміс бере бастады

Ерлерге пайдасы зор інжір ағашы жеміс бере бастады

Петропавлдың қысқы бағында 40 жыл бұрын әкелінген інжір ағашы тұңғыш рет жеміс берді. Тропикалық өсімдік жемісіне әсіресе ер азаматтар құмар көрінеді.

  • 28 Мамыр 2011
  • 889
Фото - Caravan.kz

Інжірдің отаны — Жерорта теңізінің жағалауы. Бұл — құрма ағашының бір түрі. Аңызға сенсек, Адам ата мен Хауа ана інжірдің жапырағымен тәндерін жапқан екен. Ұзындығы үш метрлік ағаштың жылыжайда жеміс беруі қиын. Ағаштың еркек, ұрғашы түрлері болады. Өсімдіктің гүлдері жақсы тозаңдануы үшін оларды қатар отырғызады. 


Артем Маликов,  ботаник
:

— Еркек ағашының жемісі жеуге жарамсыз, ал ұрғашы ағаштың жемістері бірнеше ай бойы піседі. Құрмасы тәтті, ер-азаматтардың қауқарын арттырады деседі.  Сондықтан біз інжірді  көруге келген ерлерді, жемісін ұрламасын деп, сыртынан бақылап  тұрамыз.