Ерлері аппақ, әйелдері қара ұзын киіммен бар әуреттерін бүркеп жүреді: Қарақат Әбілдина Катар елін тамсана баяндады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлері аппақ, әйелдері қара ұзын киіммен бар әуреттерін бүркеп жүреді: Қарақат Әбілдина Катар елін тамсана баяндады

Ерлері аппақ, әйелдері қара ұзын киіммен бар әуреттерін бүркеп жүреді: Қарақат Әбілдина Катар елін тамсана баяндады

Қарақат Әбілдина Катар елінің киім үлгісіне таңданысын жасыра алмады.

  • 16 Қараша 2018
  • 796
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Әнші желідегі парақшасында былай деп жазды:

"Аралап талай жердің дәмін таттым' демекші, әр елдің мәдениеті, тұрмысы, руxани болмысымен танысқан сайын өзіңе сан түрлі ой түйесің. Ал бұл елдің бүкіл игілігінің қайнар көзі — ислам діні.
Сондай ауқатты бола тұра, өн бойларынан еш байлық байқалмайды. Жалтыратып жұтына киінбейді, ерлері аппақ, әйелдері қара ұзын, ұлттық киімдерімен бар әуреттерін, дүниесін бүркеп жүреді. Бір Аллаға деген сенім олардың жүрегін тыныштандырып қойғандай, жанталас, қарбалас тіршілік байқалмайды. 
Мұнда тастанды бала деген жоқ. Тіпті, бала мүгедек екенін білсе де, үлкен сабырмен қабылдайды, Алланың сыйы деп дүниеге әкеледі, бар мейірімін береді, тіпті, жұмаққа жол деп түсінеді екен.
Бедеулікті өмірінің қасіретіне айналдырмайды, xайыр, бұйырғаны деп оған да үлкен жүрекпен мойынсұнады.
Осылай қасиетті дініміздің талаптарын ұстанған елге Алланың да мейірімі ерекше болса керек…"

Халық мынадай пікір қалдырды: