Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Osekshi.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
"Димашты қазаққа мойындатқан қарақытай. Қытай болмаса Димашты баяғыда жеп қоятын едік. Мен 3 жыл Америкада тұрдым, 3 жыл Еуропада, 4 жыл Мәскеуде, Араб елдерінде тұрдым. Менің байқағаным, сол елдерде әртүрлі мәдениет, дәстүрлер өзгеріп жатады. Елге қайтып келсем, қазақ өзгермеген, қазақ бұрынғы қалпы. Талқылап жүргені сол қазақтың баяғы қолтығын қайта, қайта қасып "әліппен ауыстырайық, қазақтың тілін былай жасайық, қытайлар қаптап кетті", — дегені. Мен 12 жыл бұрын елден кетпей тұрғанда сол тақырыптар болатын, қайтып келсем сол баяғы жерде отырмыз. Телефон, компьютер, компьютерлік бағдарламалар, көліктеріміз өзгеріп жатыр, біз өзгеріп жатқан жоқпыз.