Бірнеше драмалық ленталардан кейін («Келiн», «Шал») Тұрсынов Қазақстан нарығына көңілдірек шығарма түсіруге мақсат тұтқан секілді. «Кемпiр» туындысы Қайырғали мен Күлпәш есімді қос қария туралы.
Фильмнің сценариін Тұрсыновтың өзі жазған. Режиссердің айтуынша, бұл комедияда тұрпайы, ұятсыз жерлер болмайды, қайта қазақтың «халықтық комедиясына» айналады.
Басты рөлдерді «Тамаша» театрының мүшесі Қадырбек Демесін мен танымал актриса Ғазиза Әбдінәбиева сомдайды. Сонымен қатар, фильм жұмысына Асанәлі Әшімов пен Ерболат Тоғызақов сынды актерлер қатысып отыр. Алматы қаласы мен Алматы облысында түсірілген фильмнің музыкасын Қуат Шілдебаев жазыпты.