Ермекбаев діни қызмет саласын реттейтін халықаралық кеңес құруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ермекбаев діни қызмет саласын реттейтін халықаралық кеңес құруды ұсынды

Ермекбаев діни қызмет саласын реттейтін халықаралық кеңес құруды ұсынды

Бүгін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жұмыс сапарымен Қырғызстанда болды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

  • 28 Қыркүйек 2017
  • 174
Фото - Caravan.kz

Министр Бішкек қаласындағы «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында өткен «Қазіргі заманауи зайырлы мемлекеттегі Ислам» тақырыбында ұйымдастырылған халықаралық конференциясына қатысты.  

Конференция жұмысы Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевтың құттықтау сөзімен ашылды.

Конференция барысында Нұрлан Ермекбаев Алмазбек Атамбаевқа және осындай маңызды шараны ұйымдастырған Қырғыз Үкіметінің өкілдеріне алғыс білдірді. 

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев өз сөзінде радикализм көріністеріне қарсы күрес бағытын көрсете отырып, деструктивті діни ағымдар идеяларының насихатталу мәселесін көтерді.

 «Кеңес үкіметі кезеңінің өзінде  біздің  халықтарымыздың арасында  адамдардың дінге деген көзқарасына қарамастан, бейбітшілік пен толеранттылыққа бағытталған діни дәстүрлер қалыптасқан болатын. Біз  діни мұраларымызды заман талаптарына сәйкес бейімдеп, сақтап қалу керекпіз. Тек зайырлы қоғам ғана көпконфессиялы ортада өзінің діни теңдігін қамтамасыз ете алады», — деп өз ойын ортаға салды Нұрлан Ермекбаев.

Министр халықаралық ынтымақтастықты тереңдету  және діни негізде экстремизмнің алдын алу саласында тәжірибе алмасу мен бірлескен шараларды қабылдау мақсатында діни қызмет саласын реттейтін Орталық Азия елдерінің ведомсволары арасында Халықаралық Консультативтік кеңес құру туралы ұнысыс білдірді.

«Бізге, мемлекет қайраткерлері, ғылым мен дін жолындағы тұлғалар — бәріміз діни экстремизм мен радикализм тарапынан туындайтын қауіп-қатерлерге қарсы бірігуіміз керек… Мұндай Кеңес өңірлік форматта бірлескен тиімді жұмыс тетіктерін қалыптастыруға жол ашады. Бірлесіп шешімдерді жүзеге асыру арқылы деструктивті күштерге қарсы тұра аламыз»- деп атап өтті ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев. 

Сондай-ақ, Нұрлан Ермекбаев конференция қатысушыларын мемлекеттің және діндердің өзара әрекеттесуі жолында қазақстандық моделін қалыптастыру бағытында Қазақстан Үкіметі тарапынан атқарылып жатқан шаралармен таныстырды. Заңды түрде жұмыс істейтін барлық діни бірлестіктермен ынтымақтастық орнату арқылы азаматтардың ар-ождан бостандығына деген құқықтарын қамтамасыз етудегі мемлекет қолға алып отырған  жұмыстар туралы  айтты.   


Министр қазақстандық қоғам этносаралық және дінаралық келісімді сақтаудың бірегей үлгісі болып саналатындығын атап өтті. Осындай оңтайлы тәжірибенің негізінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік дәстүрлі дін көшбасшыларының съезін өткізу туралы бастама жасады.

Қазіргі зайырлы мемлекеттерде исламның орны мен рөлін талқылау конференцияның басты тақырыбына айналды. Қатысушылар мемлекеттердің ұлттық мәдени ерекшеліктерін сақтау, теріс діни құндылықтардың таралуын болдырмау және діни салада демократиялық басқарудың тиімділігін арттыру қажеттілігіне назар аударды.

Конференцияның ашылу салтанатында сондай-ақ Орталық Азия бойынша Еуропалық Кеңестің арнайы өкілі Петер Буриан, Үндістанның сыртқы істері жөніндегі мемлекеттік министрі Мушабар Акбар, Өзбекстан Президентінің кеңесшісі Рустам Камилов, Мысыр Араб Республикасының Мәдениет министрі Хельми Намнам, Тәжікстан Республикасының Дін істері комитетінің төрағасы Сулаймон Давлатов және Әзербайжан, Бельгия, БҰҰ, ЕҚЫҰ келген басқа да мәртебелі меймандар сөз сөйледі.

Еске сала кетейік, конференция жұмысына 19 елдің дін саласындағы уәкілетті органдарының басшылары, беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері және танымал шетелдік исламтанушы сарапшылар қатысуда.