Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасы хабарлайды.
Күні кешеге дейін фонограмманың көмегіне жүгініп, арқасын кеңге салып келген хитмен, бұл қылығын халыққа қалай түсіндірер екен?
Ернар, жылдар бойы жасырған құпиясын күні кеше ашты. Осыдан алты жыл бұрын отандық шоу-бизнеске алғашқы қадамын жасаған өнерпаз, 2019-да ғана тұңғыш рет жанды дауыста кеш өткізді.
Ернар Айдар, әнші:
-Осы уақытқа дейін себебі мен дайын болмадым. Мен о баста әншілікке дайындалып жүрмін деп айтқанмын. Әр адам өзінің шамасына қарап жұмыс істейді. «Күшіңе көңілің сенбесе, көтерме көптің салмағын» дейтін керемет сөз бар ғой. Сондықтан қайсыған күшің жететінін адам өзі білу керек қой. «Көш жүре келе түзеледі» дейді ғой. Алдын фонограммамен бердік. Ол кезде халықпен жұмыс жасауды үйрендік.
Бір сарынды жобалардан әншінің ұжымы да жалыққан. Тәжірибесі толысқан Ернар, бұдан былай барлық кештерінің лайф форматта өтетінін атап айтты. Өйткені Айдардың талантына күмән келтірушілердің қатары күн санап арта түсуде. Бұл концерті – хитменнің хэйтерлерге берген жауабы іспеттес.
Ернар Айдар, әнші:
— «Өнер жолында жайдан-жай жүре бермеші, Ернар» деген сұрақтар көп қойылды маған. Не ол бір нәрсені қайталай беру. Өзіме де бір нәрсені қайталай беру, қызық болмай кетті шыны керек. Біреулер айтып жатады «Ернар анау, Ернар мынау» деп. Ол кемшіліктердің барлығы түзеледі. Бірақ уақытпен. Москва бірден құрыла салған жоқ қой.
Иә, жанды дауыстағы кештің сыйлайтын эмоциясы да ерекше. Кеш қонақтары арасынан Арынбаев аяқ-астынан атып шыққанда, Ернардың арнайы сценариі, импровизацияға ауысты.
—Бір қайырмасын мен қосыла шырқайын. Әу дейін… Аяқ-асты болып тұр. Үйдегідей концерт болып жатыр ғой.
Ернар Айдар, әнші:
-Мен Медеу ағаны өйтіп шығып кетеді деп ойламадым. Риза болдым Медеу ағамызға. Сосын маған да шабыт берді. Аяқ-асты болды шыны керек. Сосын дуэт айтатын уәдесін алып қалдым. Симфониялық оркестрмен концерт беретін болсақ, А. Қоразбаев атамның да уәдесін алып қалдық. Күшті осы концерт!