Ернар Айдардың хитке айналған әні плагиат болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 481.83
  • 556.8
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ернар Айдардың хитке айналған әні плагиат болып шықты

Ернар Айдардың хитке айналған әні плагиат болып шықты

«Күнім, сен сөнбеші» әнімен талайдың жүрегін елжіреткен Ернар Айдардың қулығы әшкере болды. Ернардың аталмыш әні плагиат болып шықты.

  • 4 Қазан 2017
  • 3832
Фото - Caravan.kz

Әнші Марлен мен Әнелдің хикаясын арқау еткен әнді түрік әріптесінен көшіріп алған, деп жазады Stan.kz.

Түркия әншісі Елнар Хелиловтің бейнебаяны желіде 2016 жылы пайда болған.

Zhuldyz.tv арнасының хабарлауынша, аталмыш әннің сөзін де, сазын да, өңдеуін де Елнар Хелиловтің өзі жазған. Ал біздің Ернар жай ғана орындай салып, өлшеусіз қошеметке ие болды.

Бір қызығы, әннің түпнұсқасы 5 миллионға жуық қаралса, Ернардың нұсқасын 8,5 миллион жан тамашалап үлгерген.