Ернар Айдардың ұтысқа қойылған көліктерінің жалға алынғандығы мәлім болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ернар Айдардың ұтысқа қойылған көліктерінің жалға алынғандығы мәлім болды

Ернар Айдардың ұтысқа қойылған көліктерінің жалға алынғандығы мәлім болды

Әлеуметтік желіде ұтысы жоқ жалған лотерея ойынын ұйымдастырғандардың арасында Ернар Айдардың да бар екендігі анықталған еді.

  • 28 Сәуiр 2020
  • 3360
Фото - Caravan.kz

Ал енді ұтысқа қойылған көліктердің жалға алынғандығы да әшкере болды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылдың 23 ақпан мен 23 сәуір аралығында құнды ұтыс сыйлықтарын — яғни 4 автокөлік (2 седан және 2 джип), Алматы қаласында бір бөлмелі пәтер және басқа да тұрмыстық техниканы ойнатпақ болып, жалған лотерея ойынын ұйымдастырған.
 

Алайда, жоғарыда көрсетілген құнды сыйлықтар болмаған. Олар лотерея ойынына қатысушыларды сендіру үшін 4 автокөлікті басқа жеке тұлғалардан жалға алғандығы анықталған.

Олар әлеуметтік желілерде жүргізген жарнама арқылы 9 900 теңге тұратын 20 000 данадан астам ойын билеті сатылған. Ұтыс ойынын ойнататын бағдарламаға, ұйымдастырушылармен алдын ала белгіленген ұтыс билеттері енгізілген.
«Қазіргі таңда, ҚР қылмыстық кодексі 190-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша (алаяқтық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы) бірқатар азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп қосты департамент өкілдері.



Сонымен қатар заңсыз лотерея ойынын ұйымдастырушылар төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ҚР әкімшілік кодексінің 476-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салайық, бұған дейін ТЖ кезінде әлеуметтік желі арқылы ұтыс ұйымдастырған Ернар Айдарды полиция қолға түсіргені туралы айтқан болатынбыз.