"Ер-Сай Каспиан Контрактор" Бірлескен кәсіпорны "Каспий верфі" жобасына 50 млн. доллар жұмсауды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ер-Сай Каспиан Контрактор" Бірлескен кәсіпорны "Каспий верфі" жобасына 50 млн. доллар жұмсауды жоспарлап отыр

"Ер-Сай Каспиан Контрактор" Бірлескен кәсіпорны "Каспий верфі" жобасына 50 млн. доллар жұмсауды жоспарлап отыр

Қазақстан-Италия бірлескен кәсіпорны - "Ер-Сай Каспиан Контрактор"ЖШС "Каспий верфі" жобасына 50 млн. доллар жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Ер-Сай Каспиан Контрактор"ЖШС бас директорының орынбасары Ян Чан хабарлады.

  • 30 Наурыз 2005
  • 520
Фото - Caravan.kz

«Каспий верфі» жобасына сәйкес бетонмен оқшауланған құбырлар және металл конструкциялар өндіру зауыттары мен үлкен диаметрлі құбырларды монтаждау жөніндегі шеберхана салу көзделген.

Қазіргі жағдаймен бетонмен оқшауланған құбырлар өндіру зауытында алғашқы сынақ мақсатындағы үлгілер жасалды. Бетон изоляциялы құбырлардың алғашқы партиясын2005-жылдың қыркүйек айында шығару межеленген. Құбырлардың бұл түрі Қашаған кенішінен мұнай және газ өңдеу және тасымалдау зауытына дейін су асты құбырларын тартуда пайдаланылады. Жылына осындай 2 мың тонна өнім өндіру көзделіп отыр. Зауытта диаметрі сан алуан үш түрлі құбыр өндіріледі.
Сонымен қатар «Каспий верфі» жобасын жүзеге асыру аясында «Ер-Сай Каспиан Контрактор»ЖШС 2006-жылдың көктемінде Каспий теңізінің жағалауындағы Құрық аймағында кемежай мен пирс сала бастамақшы. Ян Чанның айтуынша, құрылыс жұмыстары 14 айға созылады.
Бүгінде компания инженерлік жоба бойынша геологиялық зерттеулер жүргізіп, жағалаудағы топырақ қабаты мен теңіз түбінің жер қыртысын зерттеуде. Сонымен қатар мердігерлермен арадағы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Компания кемежай құрылысын салу жөніндегі тендерге қатысуға ниет білдірген компаниялардың ұсыныстарын жаппай қарастыруда. «Негізінен Қазақстандық компанияларға басымдық беріледі»,- деді Я.Чан.
Кемежайда порталды шығырандарға арналған шойын жолдар мен шығырандардың өзін монтаждау көзделген. Бұл шығырандардың көмегімен бұрғылау платформаларына арналған металл құрылғылар мен басқа да түрлі жабдықтар ірі тоннажды баржаларға тиеліп, теңіздегі бұрғылау орындарына, соның ішінде Қашаған кенішіне жеткізіледі.
Сонымен қатар «Каспий верфі» жобасының аясында компания мұнай платформаларын тұрғызуға арналған свайларды монтаждау жобасын жүзеге асырмақшы. Бұл — диаметрі — 80 м, салмағы 300 тонна болатын ірі көлемді құбырлар. Қазір диаметрі үлкен құбырларды құрастыру жөніндегі бас шеберхана салынып жатыр. Құрастырылған құбырдың салмағы 12 мың тонна болады.
Я.Чанның айтуынша, бүгінде «Каспий верфі» жобасының аясында қосалқы нысандарды салу жұмыстары жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, ангарлар, қоймалар, тұрғын үй блоктары, демалыс бөлмелері мен асханаларды салу және жөндеу, құрылысқа арнап алаңдар дайындау жұмыстары жүргізілуде.
«Ер-Сай Каспиан Контрактор»ЖШС «Каспий верфі» жобасын 2003-жылдың аяғы мен 2004-жылдың басында қолға алған. Жұмыстар 2006-жылдың қыркүйек айында аяқталуы тиіс.
«Ер-Сай Каспиан Контрактор»ЖШС-ін Бірлескен кәсіпорында 50 проценттік үлес иемденетін «ЕРС-холдинг» және Италияның ENI компаниясының салалық кәсіпорны — «Сайпем» компаниялары құрған.

Перейти к новостям спорта