Жарияланды: 630

«Ерсай Каспиан Контрактор» жұмысшылары ереуілін тоқтатты

«Ерсай Каспиан Контрактор» жұмысшылары ереуілін тоқтатты, деп компания баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жұмысшылардың 2011 жылы 11-ші мамырда бастаған ереуілі 2011 жылдың 22-ші маусымынан бастап тоқтады», - делінген таратылған хабарда. «Құрық ауылының тұрғындарымен 2011 жылы 23 мамырдан бастап бөгеп тасталған Каспийдегі Ерсай верфьіне апаратын жол да ашылды. Каспийдегі Ерсай верфьі қалыпты жағдайда жұмыс істеуде», - делінген хабарда. Комапнияның атқаратын негізгі жұмыстары мұнай өндіру саласына қажет инженерлік жабдықтар шығару және Каспийдің солтүстігінде мұнай өндірумен айналысып жатқан кәсіпорындарға инженерлік-техникалық қызмет көрсету. Компанияның теңіздегі базасы Қашағанда жұмыс істеп жатқан компанияларға қызмет көрсетеді. «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС - 50/50 принципімен «ЕРС Холдингз» (Қазақстан) және Сайпем Интернешнл Б.В. компанияларының арасында құрылған бірлескен кәсіпорын. Соңғысы Сайпем (Италия) компаниясына тиесілі. «ЕРС Холдингз» компаниясы негізгі қызметі таукен өнідірісі, мұнай-газ саласында, қаржы және банктік қызмет саласында жұмыс істейтін «Ланкастер Груп Казахстан» компаниясының еншілесі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін