«Ерсай Каспиан Контрактор» жұмысшылары ереуілін тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ерсай Каспиан Контрактор» жұмысшылары ереуілін тоқтатты

«Ерсай Каспиан Контрактор» жұмысшылары ереуілін тоқтатты

«Ерсай Каспиан Контрактор» жұмысшылары ереуілін тоқтатты, деп компания баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Маусым 2011
  • 616
Фото - Caravan.kz

«Жұмысшылардың 2011 жылы 11-ші мамырда бастаған ереуілі 2011 жылдың 22-ші маусымынан бастап тоқтады», — делінген таратылған хабарда.

«Құрық ауылының тұрғындарымен 2011 жылы 23 мамырдан бастап бөгеп тасталған Каспийдегі Ерсай верфьіне апаратын жол да ашылды. Каспийдегі Ерсай верфьі қалыпты жағдайда жұмыс істеуде», — делінген хабарда.

Комапнияның атқаратын негізгі жұмыстары мұнай өндіру саласына қажет инженерлік жабдықтар шығару және Каспийдің солтүстігінде мұнай өндірумен айналысып жатқан кәсіпорындарға инженерлік-техникалық қызмет көрсету. Компанияның теңіздегі базасы Қашағанда жұмыс істеп жатқан компанияларға қызмет көрсетеді.

«Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС — 50/50 принципімен «ЕРС Холдингз» (Қазақстан) және Сайпем Интернешнл Б.В. компанияларының арасында құрылған бірлескен кәсіпорын. Соңғысы Сайпем (Италия) компаниясына тиесілі.

«ЕРС Холдингз» компаниясы негізгі қызметі таукен өнідірісі, мұнай-газ саласында, қаржы және банктік қызмет саласында жұмыс істейтін «Ланкастер Груп Казахстан» компаниясының еншілесі.

Соңғы жаңалықтар