Ертең Астанада әскери оркестрлер ашық аспан астында концерт беріп, дефиле-парад көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең Астанада әскери оркестрлер ашық аспан астында концерт беріп, дефиле-парад көрсетеді

Ертең Астанада әскери оркестрлер ашық аспан астында концерт беріп, дефиле-парад көрсетеді

Бүгін елордадағы Жастар сарайында «Әскери керней» байқауының соңғы кезеңі өтеді, деп хабарлады ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің баспасөз қызметінен.

  • 13 Сәуiр 2012
  • 609
Фото - Caravan.kz

Ведомствоның атап өтуінше, 14 сәуірде Астана қаласының (Астана қаласы әкімшілігі ғимаратының алдында) орталық алаңында ҚР ІІМ Ішкі әскерлері Қолбасшысының жүлдесі үшін ҚР Қарулы күштері, басқа әскерлері және әскери құрылымдары оркестрлерінің «Әскери керней» гала-концерті өтеді.

«Рух көтеретін әскери саздың, әскери оркестрлердің гала-концерті тұңғыш рет әскери оркестрлердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және насихаттау, әскери қызметтің беделін көтеру және жас ұрпақты қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілгелі отыр», — делінген баспасөз хабарламасында.

Ішкі әскерлердің және Қарулы күштердің 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған шара Астана тұрғындары мен қонақтардың есінде қалатын, ерекше әсерге бөлейтін өнер сайысы болмақ. Әскери оркестрлердің концерттік бағдарламасында классикалық, халықтық және эстрадалық музыкалық нөмірлермен қатар, жауынгерлік парад-дефиле, плац-концерт және әскери-қызметшілердің қару-жарақпен көрсетілген танымдық көрсетілімдері бар.

Перейти к новостям спорта