Ертең Астанада білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық комиссия өз жұмысын бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең Астанада білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық комиссия өз жұмысын бастайды

Ертең Астанада білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық комиссия өз жұмысын бастайды

Білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық комиссия 2015 жылдың 5 тамызында өз жұмысын Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың төрағалығымен бастайды.

  • 4 Тамыз 2015
  • 351
Фото - Caravan.kz

Салалық ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы жылдың ішінде ҚР БҒМ-де студенттік контингентті іріктеу және қалыптастыру сапасын арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Отырыста оқушыларды Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау бойынша дайындық жұмыстарының қорытындыларын шығару жоспарланып отыр.

Комиссияның құрамына республиканың мемлекеттік органдары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Азаматтық альянс, білім қызметкерлері кәсіподақтарының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары кіреді. 


Соңғы жаңалықтар