Ертең Астанада конькимен жүгіру көпсайысы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең Астанада конькимен жүгіру көпсайысы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады

Ертең Астанада конькимен жүгіру көпсайысы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады

27 желтоқсан күні Астанадағы «Алау» мұз сарайында конькимен жүгіру көпсайысы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады.

  • 26 Желтоқсан 2011
  • 406
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы аталмыш Мұз сарайының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Екі күнге созылатын жарыстарға Вадим Саютиннің басшылығындағы ұлттық құрама және облыстар мен қалалардың командалары қатысады.

Конькимен жүгіру көпсайысынан Қазақстан чемпионаты Азия құрлығы елдерінен квалификациялық жарыстарға іріктеу болып табылады. Аталмыш квалификация жеңімпаздары өз кезегінде 2012 жылы Мәскеуде өтетін классикалық көпсайыстан Әлем чемпионатына қатыса алады. Сондай-ақ, ҚР чемпионаты барысында, квалификациямен бірмезгілде өтетін — жеке қашықтықтықтар бойынша Азия чемпионатына қатысатын Қазақстанның құрамасы жасақталмақ.

Еске салайық, классикалық көпсайыс бойынша Әлем чемпионатының квалификациялық іріктеуіне қатысуға Қазақстанда 4 квота бар. Жеке қашықтықтар бойынша Азия чемпионатына бес әйел мен бес ер спортшы таңдап алынуы керек. Көпсайыстан Қазақстан чемпионаты барысында сонымен қатар, Өңірлік әлем кубогына қатысу үшін ең үздік жас спортшылар іріктелетін болады.

Азия елдерінің жасөспірімдері арасындағы Өңірлік әлем кубогы 2012 жылдың 7-8 қаңтары күндері «Алау» Мұз сарайында өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера