Ертең Астанада «Президент Кубогі» турнирі басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең Астанада «Президент Кубогі» турнирі басталады

Ертең Астанада «Президент Кубогі» турнирі басталады

Ертең осы маусымда Қазақстанда өтетін ең ірі халықаралық теннис турнирі «Президент Кубогі» додасы басталады.

  • 23 Шiлде 2012
  • 518
Фото - Caravan.kz

Оның жалпы жүлде қоры — 225 мың АҚШ долларын құрайды.

24 шілде күні Астанадағы Ұлттық Теннис орталығында (ҰТО) Теннис федерациясы басшылығының және ерлер мен әйелдер ұлттық құрамасы спортшыларының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Турнирге 30 елден теннисшілер қатысатын болады. Олардың арасында: Седрик-Марсель Штебе (Германия), Карл Бэк (Словакия), Марсель Ильхан (Түркия), Илья Марченко (Украина), Константин Кравчук (Ресей), Никола Мектич (Хорватия), Стефани Форетц Гакон (Франция), Вероника Капшай (Украина), Куруми Нари (Жапония), Кагла Буюкакчай (Түркия),Ксения Палкина (Қырғызстан), Наоми Броади (Ұлыбритания).

Сондай-ақ корт алаңына ұлттық командадан Андрей Голубев (АТР рейтингісінде 145-ші орын), Юрий Щукин, Сесиль Каратанчева (WTA рейтингісінде 105-ші орын), Юлия Путинцева (WTA 120-рейтинг) шығады.

Негізгі матчтар 24 шілдеде басталып, күнде сағат 10.00-да ҰТО-ның ашық корттарында өтеді. Әйелдер арасындағы ақтық сындар 28 шілдеде, ерлер арасында 29 шілдеде өтеді деп белгіленген.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера