Ертең Астанада «Таң Шолпан» VI республикалық байқауы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең Астанада «Таң Шолпан» VI республикалық байқауы басталады

Ертең Астанада «Таң Шолпан» VI республикалық байқауы басталады

1-3 маусым күндері Астана қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Таң Шолпан» VI республикалық байқауы өтеді.

  • 31 Мамыр 2011
  • 497
Фото - Caravan.kz

Байқау «Біз — сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты бүкілқазақстандық іс-шара аясында жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған және ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылмақ.

Байқаудың шымылдығы Қазақ Ұлттық өнер университетінің орган залында ашылады. 2 маусым күні «Шабыт» өнер үйінде жеңiмпаздар марапатталып, байқаудың жабылу рәсімі өтеді.

Балалар шығармашылығының «Таң Шолпан» байқауы алғаш рет 2006 жылы өткізілді және талантты, дарынды балаларды іздеуге және дамытуға ықпал ететін тамаша дәстүрге айналған. Байқаудың ашылуы дәстүрлі түрде 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні өткізіледі.

Конкурстың басты мақсаты — жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің арасында неғұрлым қабілетті және кәсіби тұрғыдан болашағынан мол үміт күттіретін балаларды анықтау, оларды қолдау мен ынталандыру, сондай-ақ осы санаттағы балалардың музыкалық-эстетикалық жағынан тәрбиеленуін дамыту мәселесіне мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің, шығармашылық одақтардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, қалың жұртшылықтың назарын аудару.

Биыл байқауға 10-18 жас аралығындағы 150 бала қатысады. Олар өз өнерлерін «жеке орындаушы» және «топтар» аталымдарында қуаттайтын болады.

Соңғы жаңалықтар