Ертең барлық мектепте бір уақытта күй шертіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең барлық мектепте бір уақытта күй шертіледі

Ертең барлық мектепте бір уақытта күй шертіледі

17 наурыз күні еліміздегі барлық мектептер мен колледждерде бір мезгілде қазақ күйлері орындалады.

  • 16 Наурыз 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Аман Сейтов айтты. 

Оның айтуынша, шара білім алушыларды ұлттық рух пен отансүйгіштікке тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтап, балалар арасында ұлттық музыкалық аспапты насихаттауға бағытталған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы taulik.kz сайтына сілтеме жасап.

«Домбырашылар челленджі – балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны дәріптеу. Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Мұндай челлендж оқушылар арасында алғаш рет өткізіліп отыр. Осы жұма күні еліміздің барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта домбыраның қоңыр үні күмбірлейтін болады. Бұл –  республиканың мәдени өміріндегі ерекше оқиға», –  дейді Аман Сейтов.

Соңғы жаңалықтар