Жарияланды: 290

Ертең елордада Қазақстанның үздік тауары көрме-байқауы ашылады

Ертең елордадағы «Көрме» орталығында «Қазақстанның үздік тауары-2012» республикалық көрме-байқауының салтанатты ашылу рәсімі болады. Бұл ақпаратты ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі таратты.

Ведомствоның атап өтуінше, оған ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.Рау, Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Р.Сәтбаев, сонымен қатар бизнес қоғамдастық өкілдері қатысады. Көрме-байқауға елімізден 150 кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлері қатысады. Көрме қорытындысында конкурстық комисия «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары», «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Әрбір аталымда 1,2 және 3-ші дәрежелі дипломанттар айқындалады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін