Caravan Logo

Ертең елордада Қазақстанның үздік тауары көрме-байқауы ашылады

Ертең елордада Қазақстанның үздік тауары көрме-байқауы ашылады

Ведомствоның атап өтуінше, оған ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.Рау, Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Р.Сәтбаев, сонымен қатар бизнес қоғамдастық өкілдері қатысады.

Көрме-байқауға елімізден 150 кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлері қатысады. Көрме қорытындысында конкурстық комисия «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары», «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Әрбір аталымда 1,2 және 3-ші дәрежелі дипломанттар айқындалады.