Ертең М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының Қарағанды облысына гастролі басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының Қарағанды облысына гастролі басталады

Ертең М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының Қарағанды облысына гастролі басталады

11-21 қыркүйек күндері аралығында «Отаным - бақыт мекенім» атты жобасы аясында Қарағанды облысына гастрольдік сапармен барады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 10 Қыркүйек 2012
  • 491
Фото - Caravan.kz

Қарағанды қаласында өтетін гастрольдік сапар бағдарламасы:

11, 20 қыркүйек «Махаббат дастаны» Ғ.Мүсірепов /трагедия/ реж. Қ.Сүгірбеков

12, 16 қыркүйек «Тендерге түскен келіншек» М.Сәрсеке /драма/ реж. О.Кенебаев

13, 19 қыркүйек «Қыз мұңы» И.Сапарбай /драма/ реж. Е.Обаев, Т.Аралбай

14, 18 қыркүйек «Жүрейік жүрек ауыртпай» Б.Жәкиев /драма/ реж. Е.Обаев

15, 17 қыркүйек «Сұлу мен суретші» Т.Ахметжан /драма-ноктюрн/ реж. Н.Жақыпбай

Спектакльдер С.Сейфуллин атындағы облыстық драма театры сахнасында көрсетіледі. Басталуы сағат 18.30

Театр бұл сапарында облыстың Абай, Теміртау, Саран, Қарқаралы шағын қалаларында да өнер көрсететін болады. Театр шағын қалаларда И.Сапарбайдың «Қыз мұңы» және Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай» /драма/ спектакльдерін көрсетеді:

Театр ұжымы 13 қыркүйек күні — Теміртау, 17 қыркүйекте — Абай, 19 қыркүйекте — Саран және 21 қыркүйекте Қарқаралы қалаларында болады.

Театрдың бүгінгі шығармашылық беталысынан, актерлік ойын өрнектерінен хабардар ететін гастрольдік қойылымдарда көрермен Сәбит Оразбаев, Құман Тастанбеков, Рәшида Хаджиева, Қымбат Тілеуова, Бекжан Тұрыс, Бақтияр Қожа, Дәрия Жүсіп, Дулыға Ақмолда, Асылбек Боранбай, Шынар Асқарова, Назгүл Қарабалина, Азамат Сатыбалды, Жандарбек Садырбаев, Ләззат Қалдыбекова және Еркебұлан Дайыровтардың ойындарын тамашалай алады.

Перейти к новостям спорта