Басты рөлдерде Ергенбай Әбуев, Гүлназ Жоланова, Санжар Мәдиев сынды актерлер ойнайды.
Фильмнің «Хабар» арнасындағы тұсаукесері 15 желтоқсанда кешкі сағат 21.30-да болады. Жоба Тәуелсіздікке тарту ретінде «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша түсірілген, деп хабарланған телеарна сайтында.
«Фильм Нұрағаңның ең қиын шағы — «Отырар сазының» дүниеге келуінен басталады. Мен ол кісіге өз басым ұқсаймын, тіпті дәл осындаймын деп ойламайтынмын. Бірақ мінезіміздің ұқсастығын білетінмін. Сол мінезім арқылы режиссердің таңдағанын түсіндім», — дейді Нұрғиса Тілендиевтің рөлін сомдаушы актер Ергенбай Әбуев.