Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
46 жастағы Айданның айтуынша, туған інісі 2007 жылы ата-насынан қалған ескі үйді заңдастырып, өз атына аударып алыпты. Бірақ мұны туған-туыстары мен бауырлары тек 10 жыл өткен соң бір-ақ білген. Қожайын өзі екенін айтып, үйді босатуды талап еткенде ғана сан соғып қалғандарын түсінген.
«Үйдің құжаттары жалған. Өйткені 2007 заңдастырған кездегі інімнің қойған қолдары да өзінікі емес екен. Бірақ сот та әділ шешім шығарған жоқ. Сараптамаға да жіберген жоқ. Үй інімнің атында қалды»,- дейді А.Амантаева.
Сотқа қарсы шағым бергенімен әзірге ешқандай хабар жоқ. 10 жыл бұрын үйді заңдастыру кезінде болған әкімдіктегі жауапты адамдар бүгінде зейнетке шығып кеткен немесе жұмыс орны ауысқан. Айналып келгенде нақты кінәлі адам табылмай қалған.
«Жасым 50 ге жақын қалды. Анам қайтыс болды. Оң босағада отырып қалған қызбын күйеуге тимеген. Ертең көшеде жүрсем кім алады мені. Қазір пәтер жалдап шығып кеттім. Мына жасқа келгенде ешкім жұмысқа да алмайды. Бұрын ана жақта көрішлер бар, біреудің есік алдын сыпырып, біреудің киімін жусам да нанымды тауып жүрдім. Ал қазір не істерімді білмеймін»,- деп күйініп отыр Айдан.
Далада қалған әйел тіркеуде тұрса да, өзінің рұқсатынсыз әкімдік үйді қалай заңдастырған деп түсіне алмай отыр. Ал інісі болса үйді сатылымға қойыпты.
«1966 жылғы ағам инсульт алған. Денсаулығы жоқ, менің де денсаулығым нашар. Ертең өлікті де бір жерден шығару керек қой. Шаңырақты бұзбау керек емес пе. Ертең менің өлігімді кім, қайдан шығарады жасым 50-ге келіп тұрғанда»,- деді Айдан Амантаева.